#SmartAstana - қала құрылысы симуляторы

Құттықтаймыз! Сіз виртуалды қаланың құрылысшысы болдыңыз. Сіздің иығыңызда өз қалаңыздың дамуы мен өркендеуінің жауапкершілігі жатыр. Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін дұрыс шешім қабылдаңыз. Қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, ғимараттар салып, орналастырыңыз. Істің дұрыс ыңғайын білсеңіз тұрғындардың өмір деңгейі өсіп, қаланың мәртебесі артады. Өз қалаңызды әсем саябақтар мен тамаша ескерткіштер салып безендіріңіз. Театрлар, кітапханалар мен концерт залдарын салу арқылы виртуалды тұрғындарды мәдениетке әкеліңіз. Мұның бәрі үшін ақша ресурстарының қажет екенін ұмытпаңыз. Қазынаны толтыру үшін, сізге өнеркәсіптік және коммерциялық ғимараттар көмектеседі. Арман қалаңызды тұрғызыңыз!

Маған ұнайды
  • 1193
    рет қаралған
  • 17
    ұнайды