Қасиетті Қазақстан

"Қасиетті Қазақстан" ойыны - бұл табиғи ландшафт пен мәдени мұраның, ескі заманнан сыр шертетін архитектуралық орындардың, тарихи ескеркіштер мен кесенелердің бүгінгі көрінісі. Ойында Қазақстан халқының жадында өшпестей із қалдырған тарихи және саяси оқиғаларға байланысты қасиетті орындар көрсетіледі. "Қасиетті Қазақстан" ойынының мақсаты - ежелгі заман мен қазақ дәстүрлерінің құндылығын болашақ ұрпаққа насихаттау жəне бойына сіңіру. Ойын процесінде қасиетті орындардың рөлі мен маңызы туралы ақпараттар беріліп, қолданушылардың тарихи санасын қалыптастырады.

Маған ұнайды
  • 1154
    рет қаралған
  • 8
    ұнайды