Жарқын бояулардағы Қазақстан

Жарқын бояулардағы Қазақстан ойыны – барлығы үшін сүйікті пазл ойынының онлайн нұсқасы. Тапсырма қарапайым, жекелеген бөлшектерден суретті жинау керек. Сіз «Жарқын бояулардағы Қазақстан» ойынынан жинауға арналған 300-ге тарта сурет табасыз. Барлық пазл бөлшектері интерфейстің бөлек қосымша бетінде орналасқан. Пазлдың өзіңізге қажетті бөлшегін табу үшін тышқан тетігінің дөңгелегін немесе бөлшектер қосымша бетіндегі бағыттауыштарды пайдаланыңыз. Пазлдың керекті бөлшегіне тышқан тетігінің сол жақ пернесін шертіп ұстап, бөлшекті жинақтау алаңына алып келіңіз. Осыдан кейін, бөлшектің үстін тышқан тетігінің сол жақ пернесімен шерту арқылы бөлшекті айналдыруға және сүйрелеуге болады. Бөлшектерді бір-біріне дұрыс жағымен жақындастырғаныңызда олар өзара байланысады.

Маған ұнайды
  • 1199
    рет қаралған
  • 532
    ұнайды